Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.
Есептесуі T 0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 277,10 ( 0,22 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 402 700 мың АҚШ долларын ( 370 500 мың USD) құрады.
Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 43,4300 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 43,4600 теңгені құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.