Есептесуі T 1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,20 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 32 600 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т 0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T 0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 47,7100 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 47,7300 теңге болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.