таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,06 теңгені ( 0,15 тенге), сауда көлемі - 112 000 мың АҚШ долларын (-20 550 мың АҚШ доллары) құрады.
Еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында бір еуро үшін сұраным - 183,00 теңгені, ұсыныс - 183,70 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.