Аталған құралдар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында орташа бағамы 1 доллар үшін 149,18 теңге (-0,04 теңге), сауда көлемі 152 800 мың АҚШ доллары (-14 950 мың АҚШ доллары) болды.
Еуро бойынша Т 0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабыларда бір еуро үшін ұсыныс 185 теңгені құрады, сұраным болған жоқ.
Еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.