Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,31 теңгені, ал сауда көлемі 119 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,22 теңгеге арзандап, сессия көлемі 41 500 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 212,10 теңгені, ал сауда көлемі- 200 мың еуроны құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.