25 сәуір ГФР мен Ұлыбританияда демалыс, Пасханың екінші күні, болғандықтан, T 0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы болған жоқ. USDKZT_TOD санаты үшін аталған сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,38 теңгені, ал сауда көлемі 136 250 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 89 300 мың долларға азайды.