Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 145,46 теңгені, ал сауда көлемі 87 750 мың долларды құрады.
Т 0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 211,70 теңгені, ал сауда көлемі 100 мың еуроны құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.