Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,43 теңгені, ал сауда көлемі - 167 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,02 теңгеге , сессия көлемі 41 750 мың долларға қымбаттады.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде ұсыныс бір еуро үшін 199,40 теңгені құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.