Аталған санат үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 146,91 теңгені, ал сауда көлемі 138 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,09 теңгеге арзандап, сессия көлемі 81 735 мың долларға артты.
Сәуірдің 5-і - Германия мен Ұлыбританияда демалыс болуына байланысты (Пасханың екінші күні) (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша сауда болған жоқ.