Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,15 теңгені, ал сауда көлемі 120 800 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 теңгеге арзандап, сессия көлемі 19 250 мың долларға артты.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі үздік баға белгіленімі бір еуро үшін 187,15/187,60 теңгені құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.