Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,17 теңгені, ал сауда көлемі 236 400 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,03 теңгеге арзандап, сессия көлемі 164 050 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі бір еуро үшін 187,09 теңгені құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша да мәмілелер жасалды. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.