Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,27 теңгені, ал сауда көлемі 101 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0, 10 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 134 850 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі ұсыныс бір еуро үшін 187,00 теңгені құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.