Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 25 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147, 29 теңгені, ал сауда көлемі 66 350 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0, 01 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 15 450 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.