Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,37 теңгені, ал сауда көлемі 467 010 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,18 теңгеге арзандап, сессия көлемі 35 640 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде үздік котировка да болған жоқ.
Ал Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3544 доллар/еуроны құрады, ал сауда көлемі 500 мың еуроны шамалады.