Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,46 теңгені (-0,20 теңге), ал сауда көлемі - 57 700 мың долларды (-26 500 мың АҚШ доллар) құрады.
Т 0 есебімен еуро бойынша теңгеде мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ
Т 0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларында мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.