Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,50 теңгені (-0,13 теңге), ал сауда көлемі 150 200 (56 300 мың АҚШ долларын) мың долларды құрады.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Ал Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3766 доллар/еуроны құрады, сессия көлемі - 650 мың еуро болды.