Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,66 теңгені (-0,02 теңге), ал сауда көлемі - 84 200 мың долларды ( 17 400 мың АҚШ доллар) құрады.
Т 0 есебімен еуро бойынша бүгінгі орташа бағамы 205,20 теңгені құрады, сауда көлемі 500 мың еуро.
Ал Т 0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларында мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.