Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Дүйсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,67 теңгені, ал сауда көлемі 301 490 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,10 теңгеге арзандап, сессия көлемі 236 625 мың долларға артты.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Ал Т 0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3646 долларды, ал сауда көлемі- 200 мың еуроны құрады.