Жұма күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 147,88 теңгені, ал сауда көлемі 113 430 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,13 теңгеге арзандап, сессия көлемі 16 370 мың долларға кеміді.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.