Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 148,15 теңгені, ал сауда көлемі 184 100 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,02 теңгеге арзандап, сессия көлемі 151 800 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.