Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
Сейсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 148,16 теңгені, ал сауда көлемі 76 100 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,08 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 56 700 мың долларға артты.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі үздік котировка - еуро үшін 201,30/203,00 теңгені құрады.
Т 0 доллар есебімен еуро бойынша да мәміле жасалған жоқ. Сауда жабылар кезде котировка болған жоқ.