Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 148,22 теңгені, ал сауда көлемі 339 750 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,18 теңгеге арзандап, сессия көлемі 325 350 мың долларға өсті.
Т 0 теңге есебімен еуро бойынша және Т 0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.