Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен 148,36 теңгені, ал сауда көлемі 141 210 мың долларды құрады. Алдыңғы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 130 970 мың долларға азайды.