USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін 148,69 теңгені, ал сауда көлемі 40 200 мың долларды құрады.
Сейсенбі күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 9 210 мың долларға кеміді.