USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін 148,74 теңгені, ал сауда көлемі 108 980 мың долларды құрады.
Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,07 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 68 070 мың долларға өсті.