USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,62 теңгені, ал сауда көлемі 87 340 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 33 290 5 мың долларға артты.