USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,93 теңгені, ал сауда көлемі 65 550 мың долларды құрады.
Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 7 700 мың долларға артты.