«Қашаған кен орнына құбыр төсеу бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 2016 жылдың қыркүйек-қазанында пайдалануға беріледі деп күтіп отырмыз. Ал коммерциялық өндіру келесі жылдың аяғында басталады», - деп мәлімдеді С. Мыңбаев.
21:25, 17 Қыркүйек 2015
Қашағанда мұнайды коммерциялық өндіру 2016 жылдың аяғында жаңартылады - С. Мыңбаев
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Кашаған теңіз кен орнында мұнай құбырының екі тармағының жарылуы салдарынан үзілген коммерциялық мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылдың аяғында жаңартылады. Бұл туралы бүгін Атырауда Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңес барысында «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ төрағасы С. Мыңбаев хабарлады.