АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірген болатын.
Сондай-ақ ол Ирандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырма берді.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.