Кәсіпкерлік саласына жүргізілетін тексерулер шектен тыс көп ? А.Перуашев

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шағын және орта бизнес саласында салықпен байланысты тексерулер әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

Бұл туралы бүгін Жоғарғы сотта салық мәселелеріне байланысты өтіп жатқан семинар барысында «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, бұрынғы Салық кодексіндегі ереже бойынша шағын және орта бизнеске тексеру жылына 3 реттен артық болмауы қажет еді. Бұл талаптар бойынша тексеру шаралары кешенді және белгілі бір мәселе бойынша тексеру болып екіге бөлінетін. Ал қазіргі жағдай қиын. Тексеру жұмыстарының саны өте көп. Құзырлы органдар алдында атап өткен екі тексерумен қатар бірнеше рет қарсы тексеру шараларын жүргізе алады. Бұған салық төлеушінің арызы негізіндегі тексеруді қосыңыз», - дейді палата төрағасы. Оның пайымдауынша, тексеру жұмыстары заң бойынша 30 күннен аспауы қажет. Алайда құзырлы органдар бұл мерзімді 160 күнге дейін ұзарта алады. Ал тексерілетін ұйымның құрылымдық бөлімшелері болса, тексеру жұмыстары 180 күнге дейін созылады. «Бұл әрине дұрыс емес. Тексеру шараларының санын қысқарту қажет», - деді А.Перуашев.