Кәсіпорын банкрот болса өндірістік жазатайым оқиғадан жарақаттанған жұмысшыға өтемақыны кім төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпорын банкрот болған жағдайда өндірістік жазатайым оқиғадан жарақаттанған жұмысшыға өтемақыны кім төлейді? Мәжіліс депутаттарының осыған қатысты сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын «Еңбекті қорғау туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында зиянды өтеу жөніндегі біржолғы жәрдемақының мөлшері жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан қайтыс болған жағдайда оның жылдық жалақысының он еселенген мөлшерінде көзделген болатын. Дегенмен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңнаманың күшіне енуіне байланысты бұл төлемдер өзектілігін жоғалтты, себебі олар біржолғы сипатқа ие болды. Бұл ретте, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайында қазіргі кезде енгізіліп жатқан әлеуметтік қорғау жүйесі үш деңгейден (бюджет қаражаты есебінен, әлеуметтік төлемдер мен сақтандыру ұйымдарынан төлемдер) тұратынын атап өткен жөн», делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.

Оның атап өтуінше, сақтандыруды енгізу өндірістік жарақаттанудың әлеуметтік-экономикалық салдарының ауырлығын төмендетуге ықпал етті. Жұмыс берушілердің өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүддесін арттырды. Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсартуға түрткі болды, сондай-ақ зиянды өтеу мәселелері мен тәртбін реттеді.

«Сондай-ақ, «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты, жұмыс берушілерді қамту міндетті сақтандыру жүйесімен өсті, өйткені олардың фактілерді жасыруға деген қызығушылықтары өндірістегі жазатайым оқиғалар жоғалып кетті. Бұл ретте, бұрында жұмыс беруші таратылған жағдайда (оны банкрот деп жариялаған) қайтыс болған қызметкердің отбасы мүшелері зиянды өтеу құқығынан айырылған. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама жұмыс беруші таратылған жағдайда, сыйақы мөлшерін жәбірленушіге мемлекет (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктің өкілі) заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен сот шешімдерінің негізінде (ҚР Азаматтық кодексінің 945-бабы) ғана төлетеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зиянды өтеудің қолданыстағы тетігі өзекті және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.