Қаскелең қаласында газдың жарылуынан төрт адам зардап шекті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні таңертең Қаскелең қаласында Жанғозин, 12 көшесінің бойындағы тұрғын үйде жарылыс болды.

75 пәтерден тұратын үш қабатты үйден 108 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Анықталған мәліметтер бойынша газды-ауа қоспасының жарылуынан төрт адам зардап шекті, бұған дейін үш адам туралы хабарланған болатын.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, жедел-тексеру тобы, ҰҚКД және прокуратура өкілдері жұмыс істеуде.

Алматы облысы бойынша ТЖД-дан хабарлағандай, жарылыс №9 пәтерде болды.

Тексеру тобы мен арнайы комиссия жарылыстың себебін және үйдің қаншалықты зақымданғандығын анықтайтын болады.