Атырауда бұл оқиғаға орай аймақтағы танымал натуралист Федор Сараевтың фотокөрмесі ашылды.
Атырау облыстық өнер мұражайында ашылған көрмені «Глобус» экологиялық-құқықтық орталығы ұйымдастырылды. Оған автордың 100 таңдаулы фотосуреті қойылған, онда Каспий маңы аймағының өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі бейнеленген.
Федор Сараев көптен бері туған өлке табиғатын зерттеумен айналысып жүр, ол аймақтық өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі тақырыбында көптеген фотоматериалдарды, слайдтарды, коллекцияларды жинақтады.