«Ресурстық базаны арттырудағы біздің мақсатқа қол жеткізу үшін компания бірқатар бірлескен геологиялық барлау жобаларын іскер серіктестермен Каспий теңізінде жүзеге асыруда», - деді Л. Қиынов.
Осы орайда ол 2014 жылға дейін «Жамбыл» , «Н», «Сәтбаев», «Жеңіс», «Абай», «Исатай», «Шағала», «Дархан», «Хвалынское» және басқа да жобаларды әрі қарай іске асыру жалғасатынын, сондай-ақ осының аясында 19-20 барлау және бағалау ұңғымаларын бұрғылау көзделгенін атап өтті.
«Жалпы Каспий аумағындағы мұнай жобалары есебінен мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі биылғы жылғы көрсеткішке қарағанда 2022 жылға қарай 1,6 есеге артатын болады», - деп түйіндеді Л. Қиынов.