Ұсталған қазақстандық азаматтардың «Тойота Хайлюкс» автокөлігін қарау кезінде одан «КМН 0864» қайығы мен кефаль балығы табылды. Сондай-ақ олардың теңізге шығатын рұқсаттары да болмай шықты.
Ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.