деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жауынгерлік кезекшілікте тұрған шекарашылар катерлері екі кәсіпшілік-көлік кемесін ұстады. Кәсіпшілік-көлік кемесінің бортында тоннадан астам бекіре тұқымдас балығы, 680 килә майшабақ және ұзындығы 9 шақырымдық аулауға тыйым салынған құрал табылды.
Екі кеме де Атырау қаласының өзен айлағына ілестіріліп әкелінді. Атырау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтауда.