«Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырған. Ол бұл туралы бүгін Facebook -тегі парақшасында онлайн трансляция кезінде мәлім етті.