Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге келді
18:49, 15 Қыркүйек 2021
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», - деп атап өткен Берік Уәли.