Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айтмерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесіменқұттықтаймын!

Қасиетті Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарыныңтеңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатынмейрам.

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осыкүні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухыннығайта түседі.

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өтемаңызды.

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық,
құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар