Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан жәнежеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуынабайланысты көңіл айтты.
«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқыныңигілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы БеджиАс-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықтынығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтынболады», – делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, Тунис Республикасының президенті Бежи Каид ас-Себси бейсенбікүні таңертең 92 жасында өмірден озды. Ол Тунисті 2014 жылдан берібасқарып келді.