АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Бұл жайында Катардың экономика және қаржы министрі Жүсіп Хұсейн Камал Дохада өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді. Аталмыш шараға әлемдік деңгейдегі ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Бұл жайында muslim.kz жазып отыр.
Банктің бастапқы капиталы бір миллиард доллар болмақ. Оның 30 пайызы Катарға тиесілі. Жаңа банк Ислам даму банкісімен, Барака банктер тобымен және өзге де қаржы мекемелерімен бірлесіп, жұмыс істейді.
Банк аймақтағы ислами қаржыны дамыту мақсатында құрылады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.