«Қауіпсіз жол» операциясын өткізудің бірінші күнінде Павлодар полицейлері жол қозғалысын бұзудың отыз оқиғасын анықтады

ПАВЛОДАР. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының жол полициясы қызметкерлері «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасын өткізудің бірінші күнінде 30 бұзушылықты анықтады,

 деп хабарлады ІІБ-ның қызметкері Жанна Біләлова.

 Тоғыз жүргізуші көліктерін тиісті құжаттарсыз жүргізді, төрт адам оны жүргізу кезінде ұялы телефонды қолданғандары үшін жауапкершілікке тартылды, тағы төртеуі қауіпсіздік белдігін таққан жоқ, үш жүргізуші қиылысқа шығып кетсе, біреуі көлікті мас күйінде жүргізген.

 Барлық бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалды. Мас жүргізушіге қатысты материал сотқа жіберілді.