«Қауіпсіз жол» операциясының екі күнінде ақтөбелік полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 915 бұзушылығын анықтады

АҚТӨБЕ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қауіпсіз жол» операциясының екі күнінде ақтөбелік полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 915 бұзушылығын анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«14 қаңтардан бастап жол полицясының жеке құрамы қызметін күшейтілген режимде жүргізуде. Жол полициясы жасақтарының облыс орталығы бойынша және аймақ жолдарындағы тығыздығы бірнеше есеге өсірілді. Жылдамдықты асыру, жолдың қарсы жолағына шығу және көлікті мас күйінде жүргізу сияқты бұзушылықтарға ерекше назар аударылады», - деп баяндады ІІД ЖПБ алдын алу бөлімінің инспекторы Ерболат Сарқұлов.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбай, жолдарда мұқият болуға және жүргізу мәдениет арттыруға шақырады.