Жедел алдын алу шарасының барысында бас-аяғы жол қозғалыс ережесінің 562 бұзушылығы анықталды. 44 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.
Павлодардың полицейлері жолда 1987 жылғы жігітті тоқтатты, тексеру кезінде оның анаша тартқаны анықталды. Сондай-ақ Екібастұз инспекторлары морфий қабылдаған соң, рөлге отырған 1986 жылғы азаматты ұстады.
Жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 467 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.