19:52, 19 Маусым 2009
Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы отырысында 2010 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жасақтау мәселесі қаралды
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршинның төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партияның кезектен тыс ХІІ съезінде Мемлекет басшысы басымдық берген 2010 жылға мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жасақтауға байланысты өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар, бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын жүзеге асырудың жолдары қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігінің өнеркәсіп комитетінің төрағасы Мұрат Дәрібаевтің және Қорғаныс министрі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың баяндамалары тыңдалды.Отырыс қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.