Оның айтуынша, альпинистер кеше, 16 қарашада қызыл жалау және «Айтматов шыңы»деп жазылған тақтайша орнатқан.
«Одан бірер күн бұрын, 13 қарашада біз альпинистерімізді ақ тілегімізді айтып, жолға шығарып салдық. Олар бұл шыңды бағындыра алды. Бұл бастама президент Сооронбай Жээнбеков тарапынан қолдауға ие болды»,- деп толықтырды Раев.