Ел чемпионаттарының 32 ойынының 31-інде «Қайрат» жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген. Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын спортшылар мүмкін болатын ұпайлардың 96,9 пайызын қоржынға салды.
Бұған дейінгі маусымдық рекорд та «Қайраттың» қанжығасында болған. 2012-2013 жылдардағы маусымда алматылықтар 93,5 пайыз ұпай жинаған еді.