ерекше атап өтті.
Вице-премьер «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақсу ферроқорытпа және ENRC корпорациясының құрамына кіретін жылуэлектр стансасын аралады.
Қайрат Келімбетов №2 балқыту цехінде болып, жуырда жөндеуден кейін іске қосылған №28 пештің жұмысымен танысты. Ол сондай-ақ зауыттың өндірістік, табиғатты қорғау және әлеуметтік қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты.
Вице-премьер Ақсу жылуэлектр стансасының №2 энергоблогында болды. Айта кетейік, бұл жылуэлектр стансасы өткен жылы іске қосылған еді, өз алдына белгілеген қуаттылық мөлшерін 2 425 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ҮИИД бағдарламасы бойынша «ЕЭК» АҚ №6 энергоблоктың қайта құру жұмысымен айналысуда.