"Бүгінде криптовалюталар нарығының көлемі 500 млрд долларға жетті. Осыған қатысты әлем елдерінің көзқарасы қандай? Білуімше, жақында G20-ның қаржы министрлері криптовалютаның жаһандық қаупі жоқ деген шешімге келді. Бірақ әрбір елдің қаржы реттеушісі бәрін қадағалап отыруы тиіс. Біздің реттеушіміз, яғни Ұлттық банк бәрін дұрыс істеп жатыр. Себебі жаңа теxнологиялар шыққанда алаяқтар көбейеді. Олар xалықты алдайды, ақшаны сан алуан жолдармен иемденіп кетеді", - деді Қ.Келімбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, бұрын үлескерлер жылжымайтын мүлікпен қалай ұтылса, криптовалютаға жаппай ақша салғандар да тура солай ұтылуы әбден мүмкін. Ал ондай жағдайда мемлекет тарапынан көмек беруге тура келеді, бюджет қаржысын шығару қажет. Бұның барлығы - шығын.
"Сондықтан аталған саланы қадағалап отыру керек. Дегенмен, әлем бойынша криптовалютаны әркім әрқалай реттейді. Мәселен, АҚШ, Жапония мен Швейцарияда криптовалютаны реттеп қана қоймай, одан салық алуды да үйренді. Сосын инвесторлар тарапынан қызығушылық қатты болып тұр ғой. Сол себепті кейбір елдер өзара бәсекеге түсіп, криптовалютаға қажетті жағдай жасауға тырысады. Біз болсақ, блокчейн теxнологиясын толығымен қолдаймыз. Ал криптовалютаны әлі де зерделеу керек. Ол үшін "Астана" қаржы орталығын сынақ аймағы ретінде қолдануға әбден болады", - деп атап көрсетті Қ. Келімбетов.
Айта кетейік, бүгін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы жақсы жаңалықпен бөлісті.
"Естеріңізде болса, өткен аптада мен 1 шілдеге дейін 50-ге жуық компанияның тіркелетіні жайында айтқан едім. Бүгін жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Осы уақытқа дейін 55 компания тіркеліп үлгерді. Жылдың аяғына дейін 100 компания тіркеледі деген жоспар бар. Демек, жоспардың жартысы орындалды. Әлемдік қаржы ұйымдары тарапынан қызығушылық бар", - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов.