ҚазАқпарат бұдан бұрын Ташкентте шағын футболдан «Достық Кубогы» өтіп жатқанын хабарлаған болатын. Оған Иран, Қырғызстан, Өзбекстан құрамалары және қазақстандық «Қайрат» клубы қатысуда.
Алаңға бірінші болып Иран мен Қырғызстан құрамаларының ойыншылары шықты. Ойынның қорытындысы бойынша ирандықтар 7:0 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ дүйсенбі күні «Қайрат» клубы алаң иелері - Өзбекстан құрамасымен кездесті. «Қайраттықтар» 5:0 есебімен жеңіске жетті. Сейсенбі күні «Қайрат» ойыншылары Қырғызстан командасымен ойнайды.